Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лерлері Гафурова Р.Г., Джакабаева Ж.Ж., және Алпысбаева М.Ж. Қостанай облысы бойынша әскер әйелдер қауымдастығымен «Атамекен» ӨКП алаңында "Дөңгелек үстел" өткізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасына салық салу туралы білімдерін тереңдету, салық заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулармен танысу.
Кездесулерде Гафурова Р.Г.- "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы", "е-Salyq Azamat", "e-Salyq Business" мобильді қосымшалары туралы, цифрлық салық консультанты "SalyqBot", "Азаматтық бақылау-Чекті талап ет" акциясым жөнінде толық ақпарат берді.
Джакабаева Ж.Ж. -Салық көдексінің салық заңнамасындағы өзгерістер жайлы толық ақапарат ұсынды, айта кетсе ол «Қоршаған ортаға теріс әсер еткен үшін төлем», төлемақы төлеушілері кім болып табылады және 870.00 салық нысаны туралы.
Адлпысбаева М.Ж.- «Бөлшек сауда салығы”, "Азаматтық бақылау-Чекті талап ет" акциясым жөнінде , "Мемлекеттік қызметтер" және басқа да өзекті тақырыптарды айтты.
Дөңгелек үстел барысында Қостанай облысы бойынша әскер әйелдер қауымдастығының өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Іс-шараның барлық қатысушыларына жадынамалар табыс етілді.