Қостанай қаласы бойынша МКД көшпелі семинарлар өткізеді
2023 жылдың қыркүйек айында Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері сауда үйлеріне, жабық базарларға, павильондарға барып ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған іс-шараларды өткізудің мақсаты, салық төлеушілерге келесі тақырыптар бойынша ақпаратты түсіндіру: " Электрондық сауда алаңдарындағы электрондық сауда", салық төлеушінің төлқұжаты, «Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясы, «SalyqBot» - цифрлық салық консультанты, мобильді қосымшалары «е-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business», "Азаматтарды жалпыға бірдей декларациялау", "салық кезеңі аяқталғаннан кейін салық есептілігі нысандарын (салық агентімен) уақтылы ұсыну бойынша", "салық сомаларын уақтылы есептеу бойынша" және басқа да өзекті тақырыптар.
Сондай-ақ, салық төлеушілерге сайтта Мемлекеттік қызметтерді ала алатындығы жеткізілді kgd.qov.kz.. "салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасында, "e-Saluq Azamat" мобильдік қосымшасында, порталда egov.kz Екінші деңгейдегі банктердің (Homebank, Kaspi.kz және т.б.).
Кездесу барысында мемлекеттік кіріс мамандары егжей-тегжейлі түсіндірмелері бар жадынамалар таратты және сол жерде визуалды тексеру жүргізе отырып, салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша QR-кодты алуға көмектесті.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы