Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары!
2023 жылғы 19 қыркүйекте қала әкімінің мемлекеттік органдарының басшыларымен бірлесе, азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтеді.
Өтетін орны: Қостанай қ., Пушкин көш., 98 (Көмек алаңы ғимараты).
Басталуы: сағат 9:00 бастап.
Қабылдауға жазылу үшін жұмыс күндері сағат 9:00 бастап 18:30 дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30 дейін, 575-765, 575-764 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.