2023 жылғы 16 және 20 маусымда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері және жеке сот орындаушылары Р.Б. Сәйменовпен, Қ.Т. Құлшмановпен бірлесіп көлік құралдары салығы бойынша берешекті өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Жұмыс барысында 2 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қостанай қалалық сотының шешімімен екі тәулікке және бір тәулікке қамауға алынды.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы осындай жағдайларды болдырмау үшін салыстыру жүргізуге және салық бойынша берешекті төлеуге шақырады.
Қарызды e-SalyqAzamat мобильді қосымша, салық төлеушінің кабинеті арқылы, сондай-ақ (87142)28-40-27, (87142)28-30-31 телефон нөмірлері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қоңырау шалу арқылы білуге болады.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірітсер басқармасы