«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 13-бабына, ҚР ҚН 3.01-00-2011 «Қазақстан Республикасында қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы Нұсқаулық» сәйкес, «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, «Қостанай қаласы «Арай» шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» қала құрылысы жобасын қоғамдық талқылауды жүргізеді (Қасымханов көшесі - Абай даңғылы - Қайырбеков көшесі - Сьянов көшесі-Набережная көшесі - Әл-Фараби даңғылы - Тәуелсіздік көшесі - Пушкин көшесі-Амангелді көшесі шекараларында).
Қоғамдық талқылау 2023 жылғы 23 маусымда сағат 10.00-де Қостанай қаласы, балалар шығармашылығы қалалық мектебі (бұрынғы Пионерлер Сарайы), Алтынсарин көшесі, 109, конференц-зал, 3 қабат мекенжайында өтеді.
Құрылыс эскизі "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-saulet/press/news/details/576036?lang=kk орналастырылған