Қостанай қаласының жастарына арналған «Ашық есік күні»
Бүгін, яғни 15.05.2023жылы, Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында «Қазтұтынуодағы колледжінің 2 курс «Студенттер үшін ашық есік күн» өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты: «Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар», жұмыс процесін көрсету, «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Мемлекеттік кірістер комитеті іске асырған «E-salyq Azamat», «e-Salyq Business» мобильдік қосымшалары,
«Азаматтық бақылау-чекті талап ет» пилоттық жобасы, сондай-ақ оқушылар мен студенттерді МКБ оқу практикасына тарту.
«Қызметкерлермен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы» бөлімінің басшысы С.В. Генкель және «Заң бөлімінің» бас маманы М.Ж. Алпысбаева жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша түсініктемелер берді және студенттердің барлық қызықты сұрақтарына жауаптар берілді.
Қостанай қаласы бойынша МКБ қызметкерлері аталған іс-шараға қатысушыларға алғыс айтып, оларды аталған іс-шараларға жиі қатысуға және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасын жүктеп алуға шақырды.
Кездесуге қатысушылардың барлығына аталған кездесудің тақырыптары бойынша жадынамалар табыс етілді.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы