Меню

Страницы

Статья

«Тыңдау» бірегей жобасын іске қосты

Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы, барлық қызмет салалары бойынша халықтың пікірін барынша ескеру керектігін атап өтті.

Бұл ретте Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көп жағдайда азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасында жергілікті жерлерде жөнге салынған өзара іс-қимылдың болмауына байланысты екендігіне назар аударды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Тыңдау» бірегей жобасын  іске қосты, оның шеңберінде әрбір азамат мемлекеттік қызметтерді жетілдірудің қатысушысы бола алады және қолжетімді цифрлық мемлекет құруға өз үлесін қоса алады.

Оған қатысу үшін tyndau.kz сілтемесі бойынша онлайн-сауалнамада барлығын белгілей отырып, электрондық қызметті алу және осы үдерістің әрбір қадамын бағалау қажет.

Өз кезегінде, Агенттіктің аталған жоба бойынша негізгі мақсаты- құрылымдық кері байланыс алу, оның базасында талдау жүргізіледі және мемлекеттік органдарға қажетсіз қадамдарды жою, халықтың мемлекеттік қызметтерді алу процестерін жеңілдету бойынша нақты ұсыныстар әзірленетін болады.

Бұдан әрі электрондық қызметтер бойынша тиісті материалдардың жиналуына қарай азаматтардың ұсыныстары мүдделі органдармен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ете отырып, пысықталатын болады.

Дата публикации
02 июня 2020
Дата обновления
02 июня 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы