Меню

Страницы

Статья

Мүлік салығы мен жер салығын төлеу 2020 жылдың 10 маусымынан кешіктірмей

«Салық салу мәселелері бойынша «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысының 5-тармағына сәйкес 2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды.

Сәйкесінше, 2019 жылғы міндеттемелер бойынша 100.00, 240.00, 700.00 СЕН ұсыну мерзімі 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды.

Осылайша, шағын, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілерінің санатына жатқызылған салық төлеушілер үшін 2019 жылға 100.00, 700.00 салық ұсыну мерзімдерін ауыстыруға байланысты көрсетілген салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді жүзеге асырады және түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығы мен жер салығын 2020 жылдың 10 маусымынан кешіктірмей төлейді.

240.00 СЕН ұсыну мерзімін ауыстыруды ескере отырып, жеке тұлға дербес есептеген ЖТС 2019 жылғы міндеттемелер бойынша ЖТС бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төленеді, мұндай ЖТС төлеу мерзімі 2020 жылғы 10 маусымға ауыстырылады.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
29 мая 2020
Дата обновления
29 мая 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы