Меню

Страницы

Статья

Құрметті сайлаушы!

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді.

Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі сіздің сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады.

Тізімдерді дауыс беруге арналған нақты учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жасайды. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тізімдерге олардың орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берген өтінішінің негізінде енгізіледі.

Дауыс беру күні тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын әрбір азамат дауыс беру күніне отыз күн қалғанда, яғни 2023 жылғы 17 ақпаннан кешіктірмей тиісті әкімдікке өтініш беріп, олардың нақты орналасқан жері бойынша сайлау учаскесінде тіркелуге құқылы.

Өтініш түскен кезде әкімдік азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Осы құқықты:

- дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтынын білетін азаматтар;

- басқа қаладан келген, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын, жатақханалардан тыс тұратын студенттер;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады.

Азамат бірыңғай жалпыұлттық сайлау округін, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтерін ескере отырып, сайлаушылардың бір ғана тізіміне енгізіле алады.

Қосу және алып тастауға, сондай-ақ сайлаушылар тізімдерінде өз деректеріңізді нақтылауға қатысты барлық мәселелер бойынша сіз Call-орталығының телефоны арқылы ала аласыз: 57-57-10; 57-57-46; 57-57-66.

2023 жылдың 4 наурызынан бастап Сізге өз учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері барлық сұрақтар бойынша 57-57-66 телефоны арқылы хабарласуға болатынын хабарлаймыз.

 

Қостанай қаласы

әкімінің аппараты

 

Дата публикации
10 марта 2023
Дата обновления
10 марта 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы