Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы а.ж. 13-мамырынан бастап іске қосылғанын назарларыңызға ұсынады. Акция жыл соңына дейін жалғасады.
Оның негізгі мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.
Барлық тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы