Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

2020 жылғы 1 шілдеден бастап  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы  № 1424 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»  Қазақстан  Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан  Республикасы  Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 379 бұйрығына сәйкес, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде, сондай-ақ, тауарларды  ҚР аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде «электрондық шот – фактуралар» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі-ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТIЖ) ресімдеу бойынша міндеттемелер туындайды.

Бұл ретте ЕАЭО аумағынан тауарларды әкелу кезінде ТIЖ ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей импорттаушының ресімдеуіне жатады.

Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мемлекеттер-мүшелерінің аумағына тауарларды әкету кезінде жылжыту, іске асыру және (немесе) тауарларды тиеу күнінен кешіктірмей экспорттаушы ТIЖ ресімдейді.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде  тасымалдаушыға Мемлекеттік кірістер органының қызметкеріне тауарды алушының ТІЖ тіркеу нөмірін немесе БСН/ЖСН атау жеткілікті болғандықтан, ТІЖ-ді енгізумен өткізу пункттерінен өту процесі жеңілдетіледі.

ТIЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі материалдар ҚР ҚМ МКК порталында келесі жолмен жаряланған:

ЭШФ АЖ-де СНТ-мен жұмыс істеу бойынша іске асылырған web-интерфейс тестілік стенде https://esf-test.kgd.gov.kz:9443/esf-web/login#!/  қол жетімді.

 Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
21 мая 2020
Дата обновления
21 мая 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы