«Қостанай қаласы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімнің жобасы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Жобаны әзірлеуші – «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімі болып табылады.
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес аталған жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.