Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен (салық басқармалары) қарастырылатын болады.
Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады. Түбіртек берілмеген немесе төлем карта арқылы төлемді қабылдамағаны анықталған жағдайда, кісіпкерлік обьектінің атауын, адресін және иесінің аты жөнін міндетті түрде көрсету керек.
Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы