Меню

Страницы

Статья

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемді есептеу және төлеу тәртібі

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру кезінде  бюджетке сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ақы алынады.

Қазақстан Республикасының Жарнама туралы Заңына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнама – бұл сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қолжетімді жарнама.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырған тұлғалар сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы төлеушілер болып табылады.

Оларға жүктелген функционалдық міндеттерді іске асыруға байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ақысын төлеуден босатылды.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға жарнама таратушы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарламаны жергілікті атқарушы органдарға жіберген жағдайда жол беріледі.

Жергілікті атқарушы органдар бюджетке төленуге жататын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы сомасының есебін жүргізеді, төлеушілер мен төлемақы сомасы туралы ақпаратты ай сайын мемлекеттік кіріс органдарына жолданады.

Жергілікті атқарушы органдардан алынған мәліметтер негізінде мемлекеттік кіріс органдары бюджетке төлемнің толықтығын, уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асырады.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы сомасы ай сайын, ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру орны бойынша бюджетке төленеді.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
08 ноября 2022
Дата обновления
08 ноября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы