«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 166-бабы 5 – тармағының 2) тармақшасына сәйкес бақылау-касса машиналарын (ЖСН) қолдану кезінде тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес БКМ чегін қамтуы тиіс ақпарат тізбесі белгіленген.
Өз кезегінде, салық кодексінің 166-бабы 7 – тармағына сәйкес онлайн-БКМ чегі сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі-ЖСН) қамтуы тиіс.
Осылайша, тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде сатушы БКМ чегін беруге және сатып алушының (клиенттің) талабы бойынша БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН көрсетуге міндетті.
Сондай – ақ, 2022 жылдан бастап модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн-БКМ қолданатын салық төлеушілерге (бұдан әрі-ЖТ) сатып алушының ЖСН енгізу функциясын қоса отырып, БКМ қайта бағдарламалау қажет.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы