Меню

Страницы

Статья

«e-Salyq Business» мобильді қосымшасы кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін «e-Salyq Business» мобильді қосымшасын іске қосады.

Мобильді қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, түбіртектер беруге, кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастыруға, қосымшада есептелген салық міндеттемелерін төлеуге, оның ішінде қызметкерлер үшін, сондай-ақ, алдын ала толтырылған оңайлатылған салық декларациясын ұсынуға және арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық есептілігін тапсырмауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, қосымшада берешекті қарау және төлеу, мемлекеттік кірістер органдарынан хабарламалар алу, сондай-ақ, оңайлатылған тәртіпте жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату бойынша қызметтер қолжетімді. Қосымша «Play Market» және «App Gallery»-де қолжетімді.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
28 октября 2022
Дата обновления
28 октября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы