Қостанай қаласында сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Қостанай қалалық аумақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша Қостанай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай қаласының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
  2. «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1)   осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

М. Жүндібаев

Дата публикации
10 апреля 2026