«Халық қатысатын бюджет» жобасын жүзеге асыру барысы туралы  ақпарат

2026 жылдың  20 қаңтарынан бастап 1 наурыз аралығында Қостанай қаласының тұрғындары  ХҚБ жобасына қатысу үшін 89 өтінім жолдады.

Сараптамалық кеңес келіп түскен ұсыныстарды жобалардың қайталанбауына, әкімдіктің оларды іске асыру құзыреттілігінің болуына талдау жүргізді (2026 жылғы 5 сәуірге дейін).

27 наурызда Сараптамалық кеңестің  отырысы өтті, онда:

 - дауыс беруге жіберілгендер- 39,

- дауыс беруге жіберілмегендер – 50

8 –жер учаскілерінің  бос болмау себептері бойынша,

 23 – ұқсас іске асырылған жобалар мен фрагменттік сипаттағы жобалар бар (болашақта элементтердің бірін орындау қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді),

2 – бір қаржы жылында іске асыру мүмкіндігінің болмауы,

7 – объектілерді өткізу орнында инженерлік желілердің көп санының болуына байланысты,

1 – бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құнынан асады,

9 – қолда бар жобаларды қайталау.

 Жіберілген 39 жобаның ішінен: балалар және спорт алаңдарын орнату, аулаларды абаттандыру, жарықтандыру, жөндеу жоспарлануда.

Дауыс беруге жіберілген жобалық ұсыныстар Қостанай қаласының тұрғындары дауыс беруге арналған сайтта 24 сәуірге дейін орналастырылатын болады. Жобаны іске асыруға рұқсат беру үшін әрбір жоба үшін кемінде 20 тұрғынның дауыс саны қажет.

Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін 25-30 сәуір аралығында Сараптамалық кеңес жобалық ұсыныстарды 2027 жылы іске асыруға жіберу жөнінде шешім шығарады.

 

 

 

Дата публикации
04 апреля 2026