Қостанай қаласындағы Урицкий – Гоголь – Бородин – Әл-Фараби даңғылы шекараларында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар

«Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласындағы Урицкий – Гоголь – Бородин – Әл – Фараби даңғылы шекараларында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (бұдан әрі- ЕТЖЖ) бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

ЕТЖЖ жобасының тапсырыс берушісі: «Berkut Market Kst» ЖШС.

Өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 12 қыркүйек, сағат 11:00-де.

Өтетін орны: «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы» МКҚК, Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 119 мекенжайындағы Үлкен зал.

Қоғамдық талқылау бастамашысының байланыс тұлғасы және байланыс деректері: «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

Тел.: +7 (7142) 54-14-43.

Электрондық пошта: kostgorarh@mail.kz.

Жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстары көрсетілген байланыс деректері бойынша қабылданады.

 

Дата публикации
21 августа 2025