Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ЕТЖЖ) бойынша қоғамдық талқылаулар «Краснопартизанское» бағбандар серіктестігі» тұтыну кооперативінің ауданындағы

«Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ  келесі жобалар бойынша қоғамдық талқылаулар өтетіні туралы хабарландырады:

 Қостанай қаласының «Краснопартизанское» бау-бақша серіктестігі тұтыну кооперативі ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ЕТЖЖ) әзірлеу туралы қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жобаның тапсырыс берушісі: «Казахстанский картофель» ЖШС.

Қоғамдық талқылаулар 2024 жылғы 26 қарашада Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 109 мекенжайы бойынша, сағат 11.00, 1 қабатта, Үлкен залда өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не, Пушкин көшесі, 100, тел.8-7142-54-14-43 хабарласуға болады.

Дата публикации
06 ноября 2024