Қостанай-Рудный тас жолының бойындағы құрылыс жобасын бекіту бойынша қоғамдық талқылаулар

«Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Қостанай –Рудный трассасы бойындағы кадастрлық нөмірі 12:193:097:785 жер учаскесіне арналған құрылыс жобасын бекіту бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетіні туралы хабарландырады.

Қоғамдық тыңдаулар Қостанай қаласы, Майлин көшесі,81 мекенжайы бойынша, акт залында 2024 жылғы 18 шілдеде  сағат 16.00 болады.

Сұрақтар бойынша  «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – не, Пушкин көшесі,100, 8-7142-54-11-30 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.

Дата публикации
25 июня 2024