Список государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы

(«Әділет» ЖЗШ гиперсілтемесімен)

«Әділет» АҚЖ-да

орналастырылған Ережелерге сілтеме

 

 

Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

"Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығы.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012353

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту

 
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

 "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 бұйрығы.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020587

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу

Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

"Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығы.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018803

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру

ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

"Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығы.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010516

Ағаштарды кесуге рұқсат беру

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын және ағаштарды кесуге рұқсат беру "мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығы.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010886

Дата публикации
18 октября 2022