«Қостанай облысы Қостанай қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасына әсерді скринингтік бағалауды қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 55-бабының
6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі - ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

- «Қостанай облысы Қостанай қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына түсіндірме жазба, оның негізгі бағыттары мен іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;

- «Қостанай облысы Қостанай қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына аумақ сипаттамасы және қоршаған ортаға ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС.

СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: Қостанай қаласының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге жауапты

уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  • Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе, егер иә болса, бұл қандай әсерлер және неліктен Сіз оларды елеулі деп санайсыз?
  • Бас жоспарды бекіткенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай ықпалдарды зерттеу қажет деп есептейсіз және неге?
  • скрининг материалдарында Құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халық денсаулығына тигізуі мүмкін елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халық денсаулығына тигізетін ықтимал әсерлеріне байланысты өзге де ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2026-2040 жж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 7 қазанға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні - 2026 жылғы 6 қазан)

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде Министрлік Кеңсесінің эл. мекенжайына жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде кеңседе +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Қостанай қаласы әкімдігінің сайтында:

gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/documents/1?activities=_78045&lang=ru

Дата публикации
21 сентября 2026