Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі

 

Белгілі бір сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.

Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы.

2026 жылғы 7 тамыздан бастап тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиялары танысу үшін сайлаушыларға ұсынады.

Әрбір азамат өзі туралы деректерді сайлаушылар тізімінде тексеруге құқылы. Сайлаушылар тізімдеріне енгізу, олардан шығару не сайлаушылар тізімдеріндегі түзетулер қажеттілігі туралы өтініштерді тиісті сайлау комиссиясы өтініш келіп түскен күні қарайды.

Егер сайлаушыға сайлауға дейін отыз күннен кешіктірмей оның тіркелген жері бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға сайлау күні келуге мүмкіндігі болмайтыны туралы белгілі болған жағдайда, ол өзінің тұрған жері бойынша ЖАО-ға оны тиісті тізімге енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы (23 шілдеге дейін).

Азамат осы тармаққа сәйкес жүгінген кезде жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны азамат дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Сайлаушы денсаулық жағдайы бойынша, отбасының науқас мүшесіне күтім жасау себебінен дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы олардың жазбаша өтініші бойынша үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді қамтамасыз етеді, ол 23 тамыз күні сағат 12.00-ден кешіктірілмей берілуі қажет.

Учаскелік комиссия сайлаушының өтініші бойынша және оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін 7 тамыз бен 22 тамыз аралығында сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде сайлаушыға дауыс беру құқығына есептен шығару куәлігін береді.

Егер сайлаушы іссапарда болса немесе қандай да бір мән-жайлар бойынша өтінішті жеке өзі жаза алмаса және есептен шығару куәлігін ала алмаса, онда оны сенімхат бойынша сайлаушының өкілі ала алады. Сенімхат нотариалды куәландыруды қажет етпейді. Дауыс беру құқығына есептен шығару куәлігін ұсыну бойынша дауыс беру күні учаскелік комиссия сайлаушыны өзі тұрған жердегі учаскедегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.

Есептен шығару куәліктерін беру 22 тамызда сағат 18.00-де тоқтатылады.

Учаскелік комиссиялардың жұмыс режимі: жұмыс күндері үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.  

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы