
Құрылыс мақсаты тұрғын үйлерді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, абаттандыруды, спорт объектілерін жобалау және одан әрі жақсарту болып табылады, бұл Қостанай қаласының өмір сүру сапасын дамытуға және жақсартуға мүмкіндік береді.
Құрылыс Қостанай қаласының азаматтары үшін қауіпсіздікті, жайлылықты, функционалдылықты және орнықтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Мақсат адамдардың тұрғын үйге, жұмысқа, басқа да салаларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өмір сүру сапасын жақсартуға және экономикалық өсуге негізделген
Бөлімнің міндеттері:
1)тұрғын үй құрылысы жөніндегі бюджеттік бағдарламаларға сәйкес қалалық объектілерді салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу жөніндегі жылдық және перспективалық бағдарламаларды әзірлеу;
2) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
3) сәулет және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, қаланың тұрақтыдамуы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.