Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы

Бөлімнің миссиясы: Қостанай қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі мен сапасын арттыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бөлшек сауда саласын талдау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру, кәсіпкерлік және агроөнеркәсіптік кешен саласында кредит беруді, субсидиялауды дамыту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер.

Бөлімнің функционалы мынадай тармақтардан тұрады: азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу, өз құзыреті шегінде рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Қостанай қаласының бөлшек сауда желісінде азық-түлік тауарларының облыстық тұрақтандыру қорының өнімдерін сату бөлігінде "Тобыл ӘКК" акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Тұрақты негізде егіс алқаптары, дақылдардың өнімділігі мен жалпы жинақтары туралы деректерге мониторинг, ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын сақтауына мониторинг жүргізіледі.

Бөлімнің басты міндеттерінің бірі техникалық инспекция саласында сапалы және мерзімінде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады:

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру;
  2. Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу;
  3. Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
  4. Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды кепілге беруді мемлекеттік тіркеу.

Жануарларды аулау, уақытша ұстау, вакцинациялау және зарарсыздандыру бойынша ветеринариялық шараларды жүзеге асыру.

Сондай-ақ, тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың ауыртпалықтарының болмауы (болуы) туралы ақпарат беру.

Азық-түлік тауарлары қорларының есебін жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына есептілікті ұсыну, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша қажетті субсидиялар көлемін қаржыландыру жоспарын әзірлеу, сондай-ақ инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында республикалық, облыстық және қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру және сүйемелдеу жүргізіледі.

Документы
Новости
Полезные материалы
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы