Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жерді пайдалану

«Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ облыс орталығы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.

Бөлімнің штаттық саны 8 мемлекеттік қызметшіні құрайды. Сондай-ақ еңбек шарты бойынша 13 қызметкер еңбек қызметін жүзеге асырады.

Жер кодексінің 14-1-бабының нормаларына сәйкес Бөлім қызметінің маңызды бағыттарының бірі жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау болып табылады.

2025 жылы жер учаскелерін беруге 1647 өтініш қаралды. Оның ішінде 557 өтініш оң қаралды, 75 тұрғын үйлерге қызмет көрсету үшін –жалпы алаңы 14,5 га, 246 коммерциялық қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 48,8 га.

Бөлім Жер кодексінің 48-бабының талаптарына сәйкес жер учаскелеріне жер пайдалану құқығын сату бойынша аукциондар өткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Өткен үш жылдық кезеңде аукцион арқылы өткізілген учаскелер саны:

2023 жыл-201,5 млн. теңге сомасына 20 учаске сатылды;

2024 жыл-9,0 млн. теңге сомасына 4 учаске сатылды;

2025 жыл-85,2 млн. теңге сомасына 5 учаске сатылды.

Жер кодексінің 65-бабында жерді пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелерінің жерді тиісінше игеруі мен пайдалануы жөніндегі міндеттері регламенттелген.

Кодекстің көрсетілген нормасын іске асыру Бөлім жұмысының басқа бағытын білдіреді – пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және жер учаскелерін жалдау және сатып алу-сату шарттары талаптарының орындалуын тұрақты бақылау, атап айтқанда жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелерінің оларды нысаналы және ұтымды пайдалану жөніндегі міндеттемелерін орындау.

Осы бағыттағы жұмыс «Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-мен бірлесіп тұрақты негізде жүргізіледі.

2025 жылы жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша, «Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу үшін жалпы алаңы 27,6 гектар 48 жер учаскесі бойынша материалдар анықталды және жіберілді. 35 учаске бойынша бұзушылық фактілері расталды, 29 жер пайдаланушы 3,9 млн.теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 2,8 млн. теңгесі мемлекет кірісіне толық көлемде өндірілді.

Сондай-ақ, облыс орталығының көрнекі қолайлы ортасын абаттандыру және қолдау мақсатында тұрақты емес сауда объектілеріне, оның ішінде аялдама павильондарына қатысты тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.

Ретсіз орналасқан сауда павильондары мен дүңгіршектер облыс орталығының келбетін айтарлықтай нашарлатады. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша тиісті жағдайға келтіру үшін меншік иелері сауда павильондарын жаңғыртуды жүргізеді.

Заңсыз орнатылған павильондар мен дүңгіршектер бөлшектеліп, қалалық мамандандырылған айыппұл тұрағына көшіріледі.

Жер кодексінің 84-бабының нормаларына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өткен үш жыл ішінде Қостанайда абаттандыру және жолдарды реконструкциялау жобаларын іске асыру үшін 47 жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынды.

Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, 2025 жылы мекеме 11 қызмет түрін көрсетті. Көрсетілген кезеңде барлығы 4 946 қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта – 4 613 немесе 93,3 %.

Көрсетілетін қызметті алушылардың туындайтын мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

Мекемеде көрнекі ақпараты (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері және т. б.) бар стенд орналастырылған. Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат мекеменің Инстаграм әлеуметтік желісіндегі аккаунтында орналастырылады.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында мекемеде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы іске асырылды, БАҚ-та мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру материалдары жарияланады. Сондай ақ, 2025 жыл ішінде әлеуметтік желілер арқылы 8 тікелей эфир өткізілді.

Мекеме өз қызметін жүзеге асыратын ғимарат халықтың мобильділігі төмен топтарына қол жеткізуге бейімделген.

 Бөлім жұмысында азаматтардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарауға ерекше көңіл бөлінеді.

Жер заңнамасының нормаларын түсіндіру, ЖТҚ учаскелерінің кезектілік нөмірі туралы ақпарат беру және т.б. мәселелер бойынша өтініштер келіп түседі.

2025 жылғы кезеңде 1983 өтініш қаралды.

2026 жылы «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге, шаруашылықтың барлық нысандарын тең құқықты дамыту үшін жағдайлар жасауға және жер қатынастары саласындағы заңдылықты нығайтуға бағытталған міндеттерді орындау жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Жерді пайдалану
Медиагалерея
События
01 июня
Жер комиссиясының отырысы
08 июня
Жер комиссиясының отырысы
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы