«Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы және Денисов, Қамысты, Қостанай, Бейімбет Майлин, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандары, сондай-ақ Қостанай, Лисаковск, қалаларының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер, журналдар), радиоарналары, интернет-ресурстары арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімі бар конвертер Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 505-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ 2022 жылғы 15 қыркүйек, сағат 18.30-ға дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 4-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша 2022 жылғы 16 қыркүйек, сағат 11.00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (болған жағдайда) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: (субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және « (тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.
Тақырыптық бағыттар Қостанай облысы
Қостанай қ. тақырыптық желілері
Тақырыптық желілер Қостанай ауданы
Тақырыптық желілер Б. Майлин ауданы
Тақырыптық желілер Сарыкөл ауданы
Тақырыптық желілер Қамысты ауданы