Меню

Страницы

Статья

Этносаралық қатынастар-облыстық ҚХА Хатшылығы

2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қостанай облысының халқы 825 569 адам, оның ішінде: – қазақтар – 367 908 (44,5%),  орыстар – 276 766 (33,5%), украиндар – 84 394 (10,2%) , немістер – 30 346 (3,6%), белорустар – 15 921 (1,9%), татарлар – 14 168 (1,7%), әзірбайжандар  – 4 215 (0,5%), корейлер – 4 078 (0,49%), башқұрттар – 3 865 (0,46%), молдовандар – 2 630 (0,31%), армяндар – 1 839 (0,22%), шешендер – 1 699 (0,20%), удмурттар – 1 664 (0,20%), поляктар – 1627 (0,19%), өзбектер – 1 645 (0,19%), мордвалар – 1 480 (0,17%), чуваштар – 1 106 (0,13%) және басқа этностар – 10 218 (1,2%).

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарына 19 этномәдени бірлестік, сонымен қатар консультативті-кеңесші органдар - Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшылық тобы, Журналистер клубы, «Жомарт жан» орталығы, Этномедиация кеңесі және «Ассамблея жастары» жастар қозғалысы» кіреді.

Қоғамдық келісім» КММ жанында 9 тіл мектебі (татар, башқұрт, армян, поляк, неміс, корейй, украин, түрік және иврит), мемлекеттік тілді меңгеру бойынша 1 «Мәміле – ситуативті қазақ тілі» тілдік тәжірибе клубы, 8 жастар қанаты, 10 шығармашылық ұжым («Ен-коди» корей хоры, самульнори ансамблі, украин әндерінің «Лира» вокалды ансамблі, славян, орыс және казак әндерінің «Раздолица» ансамблі, «Горцы-Ахыска» кавказ билерінің мектебі, «АНК» вокалды ансамблі, «К-РОР» жастар студиясы, «Костанайские зори» орыс әндерінің хоры, «Асыл мұра аманаты» театралдық студиясы, «Spiegel» и «Erfold» би ансамбльдері, «Раушан» вокалды студиясы) бар.

Қостанай облысында этностардың жинақы тұратын жерлері жоқ.

Жалпы, аймақтың этносаралық жағдайы тұрақты болып сипатталады. Этносаралық, конфессияаралық салада шиеленіс ошақтарының туындауына алғышарттар тіркелмеген.

Облыста Ассамблеяның жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету үшін Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметін жүзеге асырады.

Жұмыстың басым бағыттары: тұрмыстық деңгейде этносаралық қақтығыстардың алдын алу және алдын алу, ұлттық бірегейлік бойынша жұмыс жүргізу, волонтерлік және қайырымдылық мәдениетін дамыту, Қостанай облысының жастары мен этномәдени бірлестіктерінің бастамаларын қолдау болып табылады.

Дата публикации
19 августа 2022
Дата обновления
15 апреля 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
17 августа 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
16 января 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
16 января 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Социальные медиа

Instagram
Facebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы