Меню

Страницы

Статья

Азаматтық қоғамды дамыту, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын қалыптастыру және конкурстық рәсімдерді өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, Қостанай облысының қоғамдық кеңестерінің қызметіне мониторингті ұйымдастыру және т. б.

Азаматтық қоғамды дамыту, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын қалыптастыру және конкурстық рәсімдерді өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, Қостанай облысының қоғамдық кеңестерінің қызметіне мониторингті ұйымдастыру және т. б.
 
Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға қызметке қатысты түрлі мәселелер бойынша тұрақты негізде консультациялық және әдістемелік көмек көрсетіледі.
 
Тоқсан сайын ҮЕҰ Дерекқорын әділет және Мемлекеттік кірістер департаменттерімен салыстыру жүргізіледі. Бүгінгі таңда облыста 1009 ҮЕҰ тіркелген, оның ішінде 880 ұйым жұмыс істейді. Республикалық ҮЕҰ Дерекқорына 478 ұйым мәлімет берді.
 
Жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік проблемаларын шешу және үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырады.
 
Ағымдағы жылы облыста 274 жоба жүзеге асырылуда.
 
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 10 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде ҮЕҰ ресурстық орталықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша 6 жоба, оның шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтар үшін семинар-тренингтер өткізіледі, консультациялық және әдістемелік көмек көрсетіледі, оның ішінде ҮЕҰ республикалық Дерекқорына тіркелу, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурстарына қатысу мәселелері бойынша, әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі, жергілікті қоғамдастықтың проблемаларын шешуге бағытталған жобалар конкурсы өткізіледі. Қалған 4 жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар өткізуге, ҚР Президенті бастамалары мен бағдарламалық құжаттарының ақпараттық-түсіндіру орталығының қызметін ұйымдастыруға, "Тәуелсіздік тағылымы" іс-шаралар кешенін ұйымдастыруға және Қостанай облысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту жөніндегі жобалық кеңсенің қызметін ұйымдастыруға бағытталған.
 
Сондай-ақ бөлім тоқсан сайынғы негізде Қостанай облысының Қоғамдық кеңестерінің қызметіне мониторинг жүргізеді.
 
Облыста өз қызметін облыстық және 20 өңірлік Қоғамдық кеңестер жүзеге асырады. Кеңес мүшелерінің жалпы саны 235 адамды құрайды. Кеңес құрамына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, саяси партиялардың, ҮЕҰ, бизнес-қоғамдастықтың, БАҚ және т.б. өкілдері кіреді.
 
Бүгінгі күні 357 отырыс, 254 қоғамдық тыңдау, 946 қоғамдық мониторинг өткізілді, 501 нормативтік құқықтық актілер жобасы қаралды, облыс тұрғындарының 54 өтініші, 230 мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалды.
Дата публикации
01 ноября 2021
Дата обновления
01 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 августа 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
16 января 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
16 января 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Социальные медиа

Instagram
Facebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы