Меню

Страницы

Статья

2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағы 3-тармақшасына сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ үкіметтік емес ұйымдар және азаматтармен жария талқылау үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жария талқылау мерзімі орналастырылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы тиіс. Ескерту мен (немесе) ұсыныстарды авторды көрсете отырып a.magazumova@kostanay.gov.kz  электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.  

 

2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат.

 

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Әділ мемлекет, біртұтас ұлт пен гүлденген қоғамның құндылығын қалыптастыру және нығайту жөніндегі кешенді іс-шараларды ұйымдастыру

7 616,0

 

Қостанай облысының тұрғындары

- Қостанай облысының тұрғындары арасында әділ мемлекеттің сындарлы құндылықтарын қалыптастыру және нығайту;

- қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу;

- мемлекеттік рәміздерге құрмет қалыптастыру;

- мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылу;

- патриоттар форумын өткізу;

- - кемінде 5000 жазылушыны қамтитын әлеуметтік желілердегі беттерде идеологиялық тақырыптағы мазмұнды қалыптастыру;

- жылына кемінде 10 бейне, аудио, мәтіндік материалдар шығару.

2

ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қостанай облысының саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы фактілерді зерттеуді ұйымдастыру

15 000,0

 

Қостанай облысының тұрғындары

- ақталмаған қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендердің дерекқорын санаттар бойынша жасау;

- қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтарының естеліктерін жинау;

- баспа өнімдерін дайындау және басып шығару

3

Жастардың кәсіби дамуына және сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға ықпал ететін іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

8 512,0

 

Қостанай облысының 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастары ("мемлекеттік жастар саясаты туралы" ҚР Заңының қолданыстағы редакциясына сәйкес). Жалпы қамту 300 адамнан кем емес

- жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауына жәрдемдесу;

- үш жастар стартап жобасын қаржыландыру;

- жастардың стартап және әлеуметтік жобаларды дайындау дағдыларын арттыру;

- жастардың азаматтық белсенділігін, сыни ойлауын қалыптастыру

4

Этносаралық қатынастар саласын дамыту бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

6 496,0

 

мемлекеттік органдардың өкілдері, Қостанай облысының халқы

әр түрлі этностар өкілдері арасында төзімділіктің жоғары деңгейін қалыптастыру

- Қазақстан халқының бірлігін нығайту,

- этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау

- халық арасындағы этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

- практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін студенттік ортадағы этносаралық ахуалдың жай-күйін, динамикасын және әсер ету факторларын зерделеу

5

Қостанай облысында мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылының сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу

14 000,0

 

Қостанай облысының редакторлары, корреспонденттері, БАҚ журналистері, республикалық БАҚ-тың меншікті корреспонденттері, журналистика ардагерлері, сараптамалық қоғамдастық өкілдері, БАҚ – пен өзара іс-қимылға жауапты мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері-жалпы саны кемінде 600 адам

Қостанай облысының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму процестерін жариялау бойынша журналистердің кәсібилігін, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін көтермелеу; Қостанай облысының мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арасынан журналистер мен спикерлердің кәсіби пулын қалыптастыру

6

Гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасы құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу

4 455,4

 

Қостанай облысының жас отбасылары мен жастары).  Жалпы қамтылуы кемінде 300 адам

- дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелеріне назар аудару;

- қоғам алдында отбасының беделін және балаларды дәстүрлі отбасылық құндылықтар рухында отбасылық тәрбиелеудің маңыздылығын арттыру;

- гендерлік теңдік институтын нығайту, әйелдер мен қыздардың жеке және мансаптық өсуін ынталандыру

 

Дата публикации
09 декабря 2020
Дата обновления
04 января 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
17 августа 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
16 января 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
16 января 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Социальные медиа

Instagram
Facebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы