Меню

Страницы

Статья

«Бұрынғы батырлар туралы» зияткерлік ойыны

18 сәуір, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 80-жылдығын тойлау қарсаңында Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында «Өткен шақтың қаһармандары туралы» зияткерлік ойыны өтті.

Ақылдылар шайқасында барлық курстар мен дайындық бағыттарынан 9 студенттік топ ат салысты.

Жеңіс жолында ақылды ұл-қыздарға күрделілігі әртүрлі төрт кезеңнен өту керек болды. Қатысушылар суреттерді тауып, «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубы форматындағы сұрақтарға жауап бере отырып, өз эрудицияларын көрсете білді. Соғыс жылдарындағы әндерді оңай тапты және қосылып орындап берді.

Ойын қорытындысы бойынша "Янтарь" командасы ( КЭ-101 тобы) 1-орынды иеленді, одан төменірек, "ЧелМУ қауіпсіздік комитеті" командасы (М-201 тобы) 2-орынға жайғасты және 3-орын "Октябрята" (МБЛ-102 тобы) командасына берілді.

Өткізілген іс-шара өскелең ұрпақ үшін Ұлы Отан Соғысы мен оның қаһармандары туралы естен шығармау қаншалықты керек және маңызды екенін тағы да дәлелдеді.

Дата публикации
18 апреля 2025
Дата обновления
18 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 августа 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
16 января 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
16 января 2026
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Социальные медиа

Instagram
Facebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы