«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру туралы ақпарат
Қоғамдық даму басқармасының функцияларының бірі мемлекеттік рәміздерді дәріптеу және оларды қолдану мен пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізу болып табылады.
2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Қостанай облысының 20 өңірінде, департаменттерінде, басқармаларында, құқық қорғау және сот органдарында ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізілді.
Мониторингпен 726 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қамтылды (2022 жылы - 709 ұйым). Мониторинг қорытындысы бойынша облыстың қалалары мен аудандарының әкімдігіне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін анықтамалар жолданды.
Мониторинг барысында барлығы 24 сәйкессіздік анықталды (2022 жылы - 89), оның ішінде 6 – мемлекеттік рәміздер туралы заңнама талаптары, 18 – ҚР Ұлттық стандарттары.
Жалпы, мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, соңғы 5 жылда бұзушылықтар саны 73% - ға төмендеді (2018 ж. – 141, 2019 ж. – 99, 2020 ж. – 91, 2021 ж. – 88, 2022 ж. – 89, 2023-24 бұзушылық).
Сондай-ақ, облыстың барлық өңірлерінде мемлекеттік ұйымдардың басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері үшін мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану мәселелері бойынша семинарлар өткізіледі, тұрақты негізде консультациялық көмек көрсетіледі, оның ішінде жұмыс орындарына бару арқылы.
Мемлекеттік рәміздерді қолдану саласындағы заңнаманы түсіндіру, оларға құрметпен қарауды насихаттау және қалыптастыру бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар, сондай-ақ көрнекі ақпарат объектілерін орналастыру арқылы да жүргізіледі.
Облыстың барлық қалалары мен аудандары әкімдіктерінің сайттарында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» сілтемесі қолданылады, онда ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат, осы салада қолданылатын заңдар мен НҚА базасы орналастырылған. 2023 жылы облыс аумағында мемлекеттік рәміздердің 44 баннері орналастырылды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. 2024 жылға арналған Қостанай облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары және мониторинг бойынша өңірлерге шығу кестесі облыс әкімімен бекітілді.