Қостанай облысы аумағында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарымен, журналистік пулмен, спикерлермен, сараптамалық қоғамдастықпен, Орталық коммуникациялар қызметімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, "Қазтелерадио" АҚ-мен, облыстың қалалары мен аудандарының ішкі саясат департаменттері мен басқармаларымен, бөлімдерімен және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.
БАҚ өкілдеріне бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу, қайта тіркеу, есепке қою және есептен шығару мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.
Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 113 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, оның ішінде 86 баспа, желілік басылымдар, ақпараттық агенттіктер, 27 электрондық БАҚ.
36 баспа, желілік басылымдар, ақпараттық агенттіктер басылымның қоғамдық-саяси бағыты бар, ақпараттық-жарнамалық сипатта 28 газет пен журнал бар, 16 - ғылыми, білім беру, әдеби басылымдар, 5 – жастар, балалар және 1 - сыбайлас жемқорлыққа қарсы басылымдар шығарылады. Қостанай облысында 11 кабельдік теледидар студиясы, 7 радиостанция, 8 телекомпания және 1 авторлық теледидар студиясы тіркелген.
"Қазтелерадио" АҚ ҚФ мәліметтері бойынша 2020 жылдың 1 маусымына "Қазтелерадио" АҚ ұлттық цифрлық хабар тарату қызметіне 89249 абонент қосылды (оның ішінде 53295 – жерсеріктік хабар таратуға қосылған, 36954 – эфирлік хабар таратуға қосылған). "Отау ТВ" топтамасында "Qostanai'", "Алау"облыстық телеарналары хабар таратады. 2018 жылдың қазан айында облыс толығымен сандық эфирлік телехабар таратуға көшті. Барлық инфрақұрылым 59 РТС орналастырылған