Кеңес құрамы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес отырысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары 2.3-тармағының орындалуы бойынша келесіні хабарлайды.

«Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік кеңесті құру жөніндегі жұмыс органы болып белгіленді.

 Ағымдағы жылдың 29-ы облыс әкімінің өкімі негізінде өңірде ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес құрылды. Кеңестің негізгі міндеті өңірлік индустрияның технологиялық міндеттерін шешуге бағдарланған ұлттық және салалық деңгейлерде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау, ЖАО, ірі өңірлік және зерттеу университеттерінің, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми ұйымдардың, индустрия, бизнес және қоғам өкілдерінің ынтымақтастығы арқылы ғылыми-техникалық дамудың келісілген көзқарасын әзірлеуге қатысу болып табылады.

Кеңес құрамына өңірдің жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғылым жөніндегі проректорлары, облыстық мәслихат өкілдері, ірі кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер палатасының басшылығы, ғылыми зерттеу ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ пәнаралық ғылыми орталығының директоры Әлиханов Қуантар Дәуленұлы атынан жоғары ғылыми ұйымның өкілі кірді.

Ағымдағы жылғы 9 қазан күні сағат 11-00-де әкімдік ғимаратында Ғылым және технология жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті.

Ауыл шаруашылығынан бастап инновациялық технологияларға дейінгі түрлі саладағы ғылыми жобалар тыңдалып, осы жобаларды жүзеге асыру және одан әрі коммерцияландыру бойынша ынтымақтастық жолдары талқыланды.

      

Кеңес құрамы
Дата публикации
27 декабря 2024