«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы Жарлығына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы №24 Қаулысымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) құрылды.
Комиссия өз қызметінің басынан бастап ауқымды жұмыс атқарды. Бағыттарға сәйкес құрылымы бойынша Мемлекеттік комиссия топтарына ұқсас 3 ұйымдастырушылық және 5 тақырыптық жұмыс тобы құрылды, олардың құрамына 19 ғалым кірді. Сонымен қатар, материалдарды жинау және зерттеу бойынша аймақтық жұмыс топтары құрылды (олардың құрамына мұражайлар мен кітапханалардың қызметкерлері, тарихшылар, өлкетанушылар кірді). Өңірлердегі жұмыс топтарына қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары жетекшілік етеді.
Аймақ тұрғындарынан деректер жинау үшін Telegram мессенджер платформасында арна ашылды. Келіп түскен сұраулар күн сайын өңделеді, тұрғындарда бар ақпарат қабылданады, жауаптар, түсініктемелер, ұсынымдар беріледі.
Сонымен қатар, Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1698 саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімін жасады, тізім кітапхананың ресми сайтында жарияланған.
Қостанай облысы бойынша полиция департаменті, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің басқармасы, ҰҚКД және мемлекеттік мұрағат жеке үй-жайлар бөлді, ведомстволық мұрағаттарда мұрағаттық материалдармен комиссия мүшелерінің жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасалды. Сондай-ақ, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде және облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ұйымдастыру техникасымен және Интернетке қолжетімділікпен жабдықталған жеке кабинеттер бөлінді.
2021-2023 жылдар аралығында жұмыс топтары Қостанай облысының мемлекеттік архивінде, Қостанай қаласының мемлекеттік мұрағаттарында, қалалық, облыстық және аудандық мұрағаттарында мұрағаттық құжаттармен жұмыс жүргізді. 3 жыл ішінде 27 экспедициялық сапар жасалды.
Өңірлік комиссия жұмыс істеген 3 жыл ішінде ақталмаған 10540 азаматтың тізімі жасалды.
Қостанай облысындағы жаппай жерлеу орындары мен жабық мешіттер мен храмдардың виртуалды картасы жасалды – 9 жаппай жерлеу орындары (Қостанай қаласында – 4, Қостанай, Жангелді, Сарыкөл, Меңдіқара, Федоров аудандарында), 12 мешіт және 3 шіркеу.
Қазіргі уақытта Қостанай қаласында және облыстың 11 өңірінде ХХ-ғасырдағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған естелік тақталар орнатылған.
Арқалықта облыстық Дала өлкесінің тарихы мұражайының базасында көрме залын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, Амангелді ауданында Батпаққара көтерілісіне арналған мемориал орнату мүмкіндігін қарастыру туралы бастама көтерілді, қаражат тарту мәселесі қаралып жатыр.
4 монография және 1 жинақ жарық көрді:
2021 жыл – 1920-1940 жылдардағы Қостанай облысы аумағында орын алған тарихи оқиғаларға арналған «Қостанай облысы аумағындағы қуғын-сүргін және жер аударылған 1920-1940 жылдар: байлар мен кулактарды тәркілеу және жер аудару, батпаққарин көтерілісі, халықтардың жер аударылуы. Көлемі 104 бет.
2022 жылы: 1) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жарық көрген 226 беттік құжаттар мен материалдар жинағы. Авторлары: Айтмұхамбетов А.А., Исмаилов С.С., Табулденов А.Н., Жүсіпов Р.Б., Елібаев Т.А., Қасымов Қ.М.
2) Ұжымдық монография: Қостанай облысындағы 1920-1940 жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы фактілерді зерттеу – 226 бет. Авторлары: Айтмұхамбетов А.А., Исмаилов С.С., Табулденов А.Н., Жүсіпов Р.Б.
2023 жылы: 1) «1920-1930 жылдардағы Қостанай облысындағы құғын-сүргін: жаңа фактілер мен деректер» монографиясы. Авторлары: Байдалы Р.Ж., М.Ж.Бекмағамбетова, Э.Нұрпейісова, Г.Тастекова.
2) «ХХ Ғасырдың 20-30 жылдар аралығындағы Қостанай өңіріндегі халықтық наразылықтар мен көтерілістері» монографиясы. Авторлары: Наурызбаева Э.К., Қасымов Қ.М.