2024 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Әділ мемлекет, біртұтас ұлт пен гүлденген қоғамның құндылығын қалыптастыру және нығайту жөніндегі кешенді іс-шараларды ұйымдастыру

7 616,0

 

Қостанай облысының тұрғындары

- Қостанай облысының тұрғындары арасында әділ мемлекеттің сындарлы құндылықтарын қалыптастыру және нығайту;

- қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу;

- мемлекеттік рәміздерге құрмет қалыптастыру;

- мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылу;

- патриоттар форумын өткізу;

- - кемінде 5000 жазылушыны қамтитын әлеуметтік желілердегі беттерде идеологиялық тақырыптағы мазмұнды қалыптастыру;

- жылына кемінде 10 бейне, аудио, мәтіндік материалдар шығару.

2

ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қостанай облысының саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы фактілерді зерттеуді ұйымдастыру

15 000,0

 

Қостанай облысының тұрғындары

- ақталмаған қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендердің дерекқорын санаттар бойынша жасау;

- қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтарының естеліктерін жинау;

- баспа өнімдерін дайындау және басып шығару

3

Жастардың кәсіби дамуына және сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға ықпал ететін іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

8 512,0

 

Қостанай облысының 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастары ("мемлекеттік жастар саясаты туралы" ҚР Заңының қолданыстағы редакциясына сәйкес). Жалпы қамту 300 адамнан кем емес

- жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауына жәрдемдесу;

- үш жастар стартап жобасын қаржыландыру;

- жастардың стартап және әлеуметтік жобаларды дайындау дағдыларын арттыру;

- жастардың азаматтық белсенділігін, сыни ойлауын қалыптастыру

4

Этносаралық қатынастар саласын дамыту бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

6 496,0

 

мемлекеттік органдардың өкілдері, Қостанай облысының халқы

әр түрлі этностар өкілдері арасында төзімділіктің жоғары деңгейін қалыптастыру

- Қазақстан халқының бірлігін нығайту,

- этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау

- халық арасындағы этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

- практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін студенттік ортадағы этносаралық ахуалдың жай-күйін, динамикасын және әсер ету факторларын зерделеу

5

Қостанай облысында мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылының сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу

14 000,0

 

Қостанай облысының редакторлары, корреспонденттері, БАҚ журналистері, республикалық БАҚ-тың меншікті корреспонденттері, журналистика ардагерлері, сараптамалық қоғамдастық өкілдері, БАҚ – пен өзара іс-қимылға жауапты мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері-жалпы саны кемінде 600 адам

Қостанай облысының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму процестерін жариялау бойынша журналистердің кәсібилігін, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін көтермелеу; Қостанай облысының мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арасынан журналистер мен спикерлердің кәсіби пулын қалыптастыру

6

Гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасы құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу

4 455,4

 

Қостанай облысының жас отбасылары мен жастары).  Жалпы қамтылуы кемінде 300 адам

- дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелеріне назар аудару;

- қоғам алдында отбасының беделін және балаларды дәстүрлі отбасылық құндылықтар рухында отбасылық тәрбиелеудің маңыздылығын арттыру;

- гендерлік теңдік институтын нығайту, әйелдер мен қыздардың жеке және мансаптық өсуін ынталандыру

2024 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
Дата публикации
20 декабря 2023