Белсенді жұмыс бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіледі. Қостанай облысында 118 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, оның ішінде 88 баспа, желілік басылымдар, ақпараттық агенттіктер, 30 электрондық БАҚ.
Өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес Қоғамдық даму басқармасында Қостанай облысы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс жасайды. Комиссия құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының, ҮЕҰ, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
БАҚ пен мемлекеттік органдардың сапалы өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге Өңірлік коммуникациялар қызметінің қызметі ықпал етеді. РСК алаңында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің брифингтері өткізіледі. Жыл басынан бері 43 брифинг өткізілді
Сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмысы мақсатында ай сайынғы негізде ақпараттық күн тәртібі қалыптастырылады, жұмыс жоспарлары әзірленеді, онда БАҚ-та жариялау үшін негізгі іс-шаралар, бағыттар мен спикерлер белгіленеді.
Апта сайынғы негізде өңірлік БАҚ-қа алдағы аптаға медиа-тор жіберіледі.
Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыруды ілгерілету бойынша күнделікті инфо арналар қалыптастырылады. Ол үшін әртүрлі жанрлар қолданылады: фотосуреттер, мотиваторлар, бейнелер және т. б.
Жыл сайын Қостанай облысында облыстық медиафорум - мемлекеттік органдар мен БАҚ өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылау, Қостанай облысының ақпараттық кеңістігін одан әрі дамыту стратегиясын әзірлеу жөніндегі дәстүрлі диалог алаңы өткізіледі.
Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру және медиа-кеңістікті дамыту мақсатында тұрақты негізде журналистерді, мемлекеттік қызметшілерді, баспасөз хатшыларын, баспасөз қызметтерін оқыту жүргізіледі.
Қоғамдағы жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу үшін бірыңғай ақпараттық штаб жұмысын жалғастыруда, халықты ақпараттандыру және теріс, резонанстық және жалған жарияланымдарға жедел ден қою алгоритмі қолданылады. Облыстағы ағымдағы жағдай туралы халықты күн сайын хабардар ету қамтамасыз етілді.