
Қостанай облысында еріктілер қозғалысын облыстық жастар ресурстық орталығы жанындағы өңірлік фронт-офис үйлестіреді. Фронт-офис пен волонтерлік штабтар ЖРО ғимаратында орналасқан.
ЖРО ғимаратында волонтерлік қозғалыс пен бастамашыл топтарды жинау және жұмыс істеу үшін орын берілген.
Жалпы, өңірде 63 волонтерлік бастамашыл топ, оның ішінде ҮЕҰ базасында 11 волонтерлік қозғалыс жұмыс істейді. 6 жоғары оқу орны мен ІІМ академиясында 3 264 адамды қамтитын еріктілер қозғалысы бар. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 11 850 студентті қамтитын 34 волонтерлік жасақ жұмыс істейді.
Облыста «Дос», «Регион-10», «Барс» және т.б. іздестіру-құтқару жасақтары белсенділік танытуда.
Облыс бойынша волонтерлікті дамытуды қолдау мақсатында 12 жоба іске асырылуда. Оның ішінде облыстық жастар ресурстық орталығы 2017 жылдан бастап «Қостанай облысында волонтерлікті ілгерілету» жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаны іске асырудың мақсаты - Қостанай облысының жастар ортасында ерікті (волонтерлік) қозғалысты насихаттау және ілгерілету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру болып табылады.
«Қостанай облысында волонтерлікті ілгерілету және қолдау» жобасы шеңберінде ТЖ режимінде волонтерлердің қатысуының әдістемелік құралы және волонтерлік стандарты әзірленді.
Бұдан басқа, облыстық Ресурстық орталық базасында волонтерлік орталықтың қызметі ұйымдастырылды, оның міндеттеріне: волонтерлік ұйымдардың әлеуетін арттыру жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру, - волонтерлер үшін конкурс өткізу, салалық волонтерлікті дамыту кіреді.