Семинар барысында көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімдерін кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бөлінісінде орналастыру және жүргізу мәселелері қаралды.Сонымен қатар қатысушыларға кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібі, сондай-ақ қайта тіркеуден өтпеген пәтер иелері кооперативтерін тарату рәсімі түсіндірілді.
Семинар мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы жұмысты жетілдіруге бағытталған.
2026 жылғы 8-9 қазанда ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі М.М. Зерипбаев «КазЦентрЖКХ» АҚ сарапшыларымен бірлесіп энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын Қостанай, Лисаков және Жітіқара қалаларының сумен, жылумен жабдықтау және су бұру объектілеріне барды.
Нысандарға бару коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жоспарланған іс-шаралардың іске асырылу барысымен танысуға және жұмыстардың ағымдағы жай-күйін бағалауға бағытталды, сондай-ақ жоспарланған іс-шаралардың уақтылы және сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады.
Елдегі барлық көппәтерлі тұрғын үйлер бір бірыңғай тізілімге енгізіледі. Онда үйдің мекенжайы, қабат саны, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны, үйдің техникалық жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау мақсатында, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында және күрделі жөндеу мен техникалық тексеру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлау үшін жүргізіледі.
Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабында белгіленген көппәтерлі тұрғын үй анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды. Яғни, бұл — кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайдан тұратын жеке тұрған ғимарат. Үйлердің қабат санына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқару нысанының таңдалуына қарамастан, барлығы есепке алынады. Оның ішінде ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлер, сондай-ақ басқару нысаны әлі анықталмаған үйлер де қамтылады.
Әр үйдің тізілімде бірыңғай кілті — мекенжайдың тіркеу коды (МТК) болады. Осы код арқылы үйге басқа ақпарат көздеріндегі мәліметтер тіркеледі: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштері, үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифтілердің жай-күйі туралы мәліметтер, инженерлік желілерге қосылуы және есепке алу аспаптары жөніндегі ақпарат.
Мәліметтерді беру тәртібі тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Аталған қағидаларда деректерді беруге міндетті ұйымдардың тізбесі де айқындалған. Оларға жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері және басқарудың өзге де субъектілері жатады.
Түгендеу барысында меншік иелерінің дербес деректері — тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер жиналмайды.
Тізілім не береді? Күрделі жөндеу және лифтілерді ауыстыру қажет үйлердің нақты тізімін жасауға, үйлердің есепке алу аспаптарымен нақты жабдықталу деңгейін анықтауға, сондай-ақ өңірлердің инженерлік желілерді жаңғыртуға деген қажеттілігін орташа есептелген көрсеткіштерге емес, нақты деректерге сүйене отырып есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар коммуналдық төлемдер бойынша түбіртектердегі есептеулердің дұрыстығын арттырып, КСК, ОСИ және басқарушы компаниялар тарапынан жұмысты ұйымдастыру мен атқарушылық құжаттаманы жүргізу тәртібін жақсартуға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді жинауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлесіп басқару нысанындағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жолданады.
2026 жылғы 6 тамызда Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының төрағалығымен «КазЦентр ЖКХ» АҚ сумен жабдықтау және су бұру департаментінің бас менеджерімен бірлесіп, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде ауылдық сумен жабдықтау жобаларын іске асыру мәселелері бойынша аудан әкімдіктері орынбасарлары мен коммуналдық кәсіпорындар директорларының қатысуымен техникалық кеңес өткізілді
2026 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Е. А. Салықбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңның негізгі ережелері, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша семинар-кеңес өтті.
2026 жылғы 24 шілдеде «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Қостанай облысының прокуратурасымен бірлесіп «Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ұйымдастырған «Мүмкіндік» мүгедектігі бар адамдар арасындағы облыстық жәрмеңкеге қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023-2028 жылдар кезеңінде ағынды суларды қауіпті заттардан қауіпсіз тазарту және зарарсыздандыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның көмегімен КТҚ салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асыру көзделіп отыр.
Бүгін 2026 жылғы 22 шілдеде Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы облыс қалаларының коммуналдық кәсіпорындарымен, жобалық және ғылыми ұйымдармен бірлесіп, Қостанай облысының аумағында кәріз-тазарту құрылыстарының жобаларын іске асыру мәселесі бойынша «ТКШ Қазақстандық орталығы» АҚ-ның сумен жабдықтау және су бұру департаментінің сарапшысымен кездесу өткізді.