2019 жылы Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаковскгоркоммунэнерго" ПХО МКК "Лисаков қ.Октябрь кентінде жылу желілерін қайта құрумен газ қазандықтарының құрылысы"жобасын іске асыруға кірісті. Мердігер мекеме - "АТГ Құрылыс"ЖШС. Пайдалануға беру 2020 жылдың қараша айының соңына жоспарланған.
2019 жылы қуаты 2МВт (бұдан әрі-БМҚ) Блокты-модульді қазандық орнатылды, инженерлік коммуникациялар жүргізілді, сондай-ақ ЖТҚС (блокты газ реттеу пункті) және ЖТҚС (кешенді трансформаторлық қосалқы станция) орнатылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қуаттылығы 7 МВт БМҚ орнату, жалпы ұзындығы 4,8 км жылу желілерін, сондай-ақ ұзындығы 1,3 км газ желілерін монтаждау жоспарланған.