Облыста 526 елді мекеннің 79-ы табиғи газбен қамтамасыз етіледі, оның ішінде: Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жітіқара қалалары және Алтынсарин, Әулиекөл, Жітіқара, Денисов, Қарабалық, Қостанай, Бейімбет Майлин, Қамысты, Федоров аудандарының бір бөлігі. Облыс бойынша газдандырылған халықтың деңгейі 58,4% -. (857 905 адамның 501 071 адамы) құрайды, оның ішінде қала халқы 82,1% - 8 (504 708 адамның 413 109 адамы), ауыл халқы 24,4% -. (351 267 адамның 85 934 адамы) құрайды.
Облыстың газ құбырларының жалпы ұзындығы 4 185,5 км құрайды, оның ішінде тарату құбырлары – 3 365,8 км, магистральдық құбырлар – 819,7 км.
2023 жылы Қостанай облысының елді мекендерін газбен жабдықтау бойынша 10 жобаны іске асыруға Ұлттық қордың, республикалық және облыстық бюджеттің қаражатынан 2 917,5 млн.теңге бөлінді (оның ішінде: ҰҚ – 1 163,6 млн. теңге, РБ – 337,5 млн. теңге, ЖБ – 1 416,4 млн. теңге).
Оның ішінде 2023 жылы «Қостанай ауданының «Бәйтерек», «Астана» және «Нұр Әлем» шағын аудандарына алаңнан тыс инженерлік коммуникациялар құрылысы. Газбен жабдықтау», «Әулиекөл ауданы Черниговка ауылын қосатын Әулиекөл – Құсмұрын газ құбырын салу», «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Гурьяновское ауылында газ тарату желілерін салу», «Қостанай облысы Кеңсай және Жітіқара қаласының № 9 шағын аудандарына газ құбырын салу» 3 объектісінің құрылысының аяқталады.
Сондай-ақ ағымдағы жылы 4 жаңа жобаны іске асыру басталды:
- «Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Береговое ауылында газ тарату желілерінің құрылысы», «Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Айет ауылында төмен қысымды газ құбырының құрылысы», «Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылында газ тарату желілерінің құрылысы», «Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Үлкен Чураковка ауылын газбен жабдықтау».
2023 жылы «Бейімбет Майлин ауданының Новоильиновка ауылындағы газ тарату желілері», «Ливановка ауылындағы газ тарату желілері-Қамысты ауданының Қарабатыр ауылындағы»2 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды