Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Энергетикалық кешен
2019 жылда облыс бойынша электр энергиясын тұтыну 1287,7 млн. кВтсағ. құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 %-ға төмен (1313,41 млн. кВтсағ.).
Облыстың өз көздерімен өндірілген электр энергиясының көлемі ағымдағы кезеңде 261,7 млн. кВтсағ. құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға төмен (287,1 млн. кВтсағ). Электр энергиясын өндіру көлемінің төмендеуі Рудный ЖЭО-ның өз мұқтаждықтары үшін өндірілетін электр энергиясы көлемінің төмендеуі себепті орын алды, бұл жұмыс істейтін жабдық құрамының өзгеруімен байланысты.
Газбен жабдықтау
Облыста 556 елді мекеннің 70-і табиғи газбен қамтамасыз етіледі, оның ішінде: Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жітіқара қалалары және Алтынсарин, Жітіқара, Денисов, Қарабалық, Қостанай, Тарановск, Қамысты аудандары ауылдарының бір бөлігі.
2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың газ тарату құбырларының жалпы ұзындығы 3 602, 17 км құрайды.
2019 жылы табиғи газды тұтыну көлемі өткен жылмен салыстырғанда (362,6 млн. текше метр) на 10,6 %-ға төмендеді және 324,1 млн. текше метрді құрады.
Табиғи газды тұтынудың артуы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда жаңа өндірістік қуаттарды енгізу және елді мекендерді газдандырумен байланысты.
Ағымдағы жылы Әулиекөл және Федоровка ауылдарын ІІ және ІІІ кезектегі газдандыру жобалары бойынша жұмыстар жалғастырылады, сондай-ақ Денисов ауданының Некрасов ауылын (құны 561 млн. теңге, охват 2 067 адам.), Перелески ауылының газдандырылмаған бөлігін (құны 173 млн. теңге, қамту 264 адам) газдандыру бойынша, Алтынсарин ауданының Силантьевка ауылын газдандыруға (2019 жылғы РБ 118 млн. теңге бөлінді, қамту 1059 адам, жобаны аудан әкімдігі іске асырады), сонымен қатар Таран ауданының Тобыл ауылында газ тарату желілерін салу бойынша ЖСҚ әзірленеді. Осы мақсаттарға республикалық және облыстық бюджеттен 2019 жылы 1,27 млрд.теңге (РБ – 916,047 млн. теңге, ЖБ – 354,52 млн. теңге) көзделген.
Осы жобаларды іске асыру ағымдағы жылы орталық газбен жабдықтауға жалпы қолжетімділікті 554 мың адамға немесе 63,5% - ға дейін ұлғайтуға және газдандырылған елді мекендердің санын 72 бірлікке (немесе 13%) дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сумен жабдықтау және су бұру
2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 556 елді мекеннің ішінде топтық және жергілікті су құбырларынан орталықтандырылған сумен жабдықтау арқылы 180 елді мекен (32,4%), 30 елді мекенде (5,4%) ауыз су тасымалданады, 346 елді мекен (62,2%) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен (ұңғымалар, құдықтар) сумен қамтамасыз етіледі.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін 2019 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылауды ескере отырып, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі 31 жобаны (9 – қалалық жоба (оның ішінде 3 – сумен жабдықтау, 6 - су бұру), 22 – ауылдық жоба) іске асыруға 9,45 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінді.
Тұтастай алғанда, ауылдық сумен жабдықтаудың 22 жобасын іске асыру алғаш рет 19 ауылды (24,7 мың адам) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге, 11 ауылда (39,6 мың адам) сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді. 2019 жылдың соңына дейін 11 ауылдық сумен жабдықтау объектісін пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 8 ауыл немесе 34,1 мың адам үшін сумен жабдықтауды жақсартуға, алғаш рет сумен жабдықтау жүйесіне 6 ауылды немесе 6,7 мың адамды қосуға мүмкіндік береді, бұл ретте облыс бойынша ауылдарды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету 31,4% - дан 32,5% - ға дейін өседі (172 ауылдан 178-ге дейін).
Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету бойынша одан әрі жұмыс істеу мақсатында ауылдық сумен қамтамасыз ету бойынша 24 жоба әзірленуде (шамамен сметалық құны 14,6 млрд.теңге), оның шеңберінде 8 ауылда (7,2 мың адам) сумен қамтамасыз ету жақсартылады, 20 ауыл (23,8 мың адам) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге алғаш рет қосылады.