Меню

Страницы

Статья

Сумен жабдықтау және су бұру

2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыруға облыс бойынша 55 жобаға (қалалық – 13 (оның ішінде сумен жабдықтау – 9, су бұру – 4), ауылдық – 42) 32,5 млрд.теңге көзделген (Республикалық бюджет – 2,1 млрд., Ұлттық қор – 6,9 млрд., Арнаулы мемлекеттік қор –

14,8 млрд. Үкімет резерві – 0,5 млрд., жергілікті бюджет  - 8,2 млрд.).

Оның шеңберінде Арқалық (96,5%-дан 100%-ға дейін) және Тобыл қалаларын (87,9 %-дан 100%-ға дейін) және халық саны 18,5 мың адам болатын 37 ауыл халқын (сумен жабдықтау жүйелерін салу бойынша жобаларды іске асыру, 14 ауылда су тарату пункттерін орнату) сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жоспары орындалды. 7 ауылда сумен жабдықтау жақсартылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қала халқы бойынша 99 %-дан 100%-ға дейін, ауыл халқы бойынша 91,3%-дан 100%-ға дейін өсті. 56 ауыл СТП орнатудан бас тартып, суды құдықтан және ұңғымалардан пайдаланады.

2026 жылы сумен жабдықтау және су бұру жобалары бойынша 10 жобаны іске асыруға 4,4 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 1,5 млрд.теңге 6 ауылдық сумен жабдықтау жобалары үшін және 2,9 млрд.теңге қалалық сумен жабдықтау және су бұру  бойынша 4 жоба үшін (1 су бұру жобасы –

2,2 млрд.теңге, 3 сумен жабдықтау жобасы – 0,7 млрд.теңге).

Қосымша «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде 5,4 млрд.теңге сомасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 4 сумен жабдықтау және су бұру жобасын іске асыру жоспарланған.

2026 жылдың қорытындысы бойынша жобаларды іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау желілерінің деңгейін 29,9%-дан 29,7%-ға және су бұру желілерінің деңгейін 57,9%-дан 57,7%-ға дейін төмендету жоспарлануда.

 

Дата публикации
25 мая 2020
Дата обновления
20 июля 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Азаматтардың өтініштеріне шолу
10 января 2025
Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштеріне шолу
Азаматтардың өтініштеріне шолу
18 октября 2024
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарау
Азаматтардың өтініштеріне шолу
04 апреля 2024
Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштеріне шолу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы