«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы №276 қаулысына сәйкес және Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі №222 «Қостанай облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» қаулысы негізінде құрылды.
2011 жылғы 14 қарашада «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы №475 қаулысы негізінде «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
1) облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергия үнемдеу саласында басқарушылық функцияларын жүзеге асыру;
2) өз құзыреті шегінде стратегиялық дамудың ағымдағы және болашақтағы міндеттерін шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
3) облыстың мемлекеттік энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық саясаты және инфрақұрылымды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
4) барлық қатысушылармен (жеткізушілер мен тұтынушылар) өзара іс-қимыл жасай отырып, облыстың жылу энергиясымен, электр энергиясымен, сумен, газбен, кәрізбен тұрақты жабдықталуын қамтамасыз ету;
1) облыстың жетекшілік ететін кәсіпорындарының қызметін талдайды;
2) мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысады, сондай-ақ өз құзыреті шегінде дербес мемлекеттік сатып алуды өткізеді;
3) өз құзыретінің мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалауды жүзеге асырады;
4) әкімшісі болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шегінде қаржы қаражаттарының пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
5) жетекшілік ететін салаларды дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады және мониторингін жүзеге асырады, өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Үкіметтің қаулыларын, әкімдіктің өңірлік бағдарламаларын, қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі есептерді дайындайды;
6) облыстың газбен жабдықтау, энергетика, сумен жабдықтау, кәріз және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың басым бағдарламаларын талдайды, түзетеді және оларды іске асыруға жәрдемдеседі;
7) облыстың бағынысты ұйымдарының күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындалу жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
8) коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғын үй қорын, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен құрылыстарын пайдалану саласында заңнама талаптарының орындалуына жәрдемдеседі;
9) энергия үнемдеу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, энергетика саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту іс-шараларының орындалуын ұйымдастырады;
10) облыстың энергетика, энергия үнемдеу саясатына және инфрақұрылымның дамуына талдау жүргізеді, түзету енгізеді және іске асырылуына жәрдемдеседі;
11) энергия үнемдеу технологиялары мен жабдықтарын енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
12) газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға, коммуналдық шаруашылықты материалдық-техникалық жарақтандыруға, кондоминиум объектілерін, апатты жағдайдағы тұрғын үйді күрделі жөндеуге немесе апатты жағдайдағы тұрғын үйді бұзуға қатысады;
13) энергетикалық объектілер мен кешендерді орналастыру бойынша ұсыныстар дайындайды;
14) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
15) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларына жер асты қойнауларына мемлекеттік геологиялық зерделеуді ұйымдастырады және жүргізеді;
16) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізеді;
17) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылайды;
18) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту бойынша актілерді әзірлейді;
19) Табиғи монополия субъектілері мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттелетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келіседі;
20) ұсынылатын реттелетін қызметтердің (тауарлар, жұмыстар) сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында Табиғи монополия субъектілері мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
21) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басқа да актілерді бекіту жөніндегі актілерді әзірлейді;
22) жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
22-1) Қостанай облысында жерлеу және қорымдарға күтім жасау жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекіту үшін маслихатқа ұсынады;
23) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) өз құзыреті шегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, басымдықтары мен даму стратегиясы бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізу;
2) облыс әкіміне, жергілікті және орталық атқарушы органдарға облыстың дамуының стратегиялық бағдарламасын іске асыруға кедергі жасайтын, олар қабылдаған актілерді өзгерту немесе жою туралы ұсыныстар енгізу;
3) «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін өз құзыреті шегінде мемлекеттік биліктің тиісті органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұрату және алу;
4) энергия үнемдеу бағдарламасын әзірлеуге қатысу және оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
5) өз құзыретінің мәселелері бойынша келісімдерге, өзге де құқықтық актілерге қол қою;
6) басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәсіпорындардың экономикалық сауықтырылуы жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
7) өз қызметін «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асыру;
8) өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді жүктеу.