Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 117 «Қостанай облысында ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 117 «Қостанай облысында ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текшее метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25291 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1 тармақжаңаредакциядамазмұндалсын:

«1. Қостанай облысында ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текшее метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:

1) ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – қосылған құн салығын ескере отырып, 100 теңге;

2) ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларүшін – қосылған құн салығын ескере отырып, 160 теңге.».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 октября 2024