Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы «23» маусымдағы №84-НҚ бұйрығына қосымша
«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бөлімі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
- Бөлім:
1) бөлім басшысынан;
2) бас маманнан;
3) бас маманнан тұрады.
- Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеті: ҚР Президенті, ҚР Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі мен оның орынбасарларының шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және мониторингтеу жүйесін қамтамасыз етуге.
Функциялар:
1) ҚР Президенті, ҚР Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі мен оның орынбасарларының шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу.
- Міндеті: Бөлімнің құзыретіне кіретін аумақтарды дамыту бағдарламасының, Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының, «Нұрлы жер» инфрақұрылымдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін және индикаторлық көрсеткіштерін орындауға.
Функция:
1) Бөлімнің құзыретіндегі аумақтарды дамыту бағдарламасының, Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының, «Нұрлы жер» инфрақұрылымдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, индикаторлық көрсеткіштерін әзірлеу.
- Міндеті: салалық бөлімдермен бірлесіп, Басқарманың қызметін қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық құндылықтарды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға.
Функция:
1) материалдық – техникалық құндылықтарды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру.
2) қаржыландыру жоспары шеңберінде басқарманың материалдық-техникалық базасын нығайту;
3) активтер мен басқа да материалдық құндылықтарды сақтау және пайдалану орындарында олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
- Міндеті: бюджетті жоспарлау және орындау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізуге.
Функция:
1) бухгалтерлік есепті, бюджеттік және қаржылық есептілікті жүргізу.
2) «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына» сәйкес бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және ұсыну.
- Міндеті: салалық бөлімдермен бірлесіп, бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға.
Функция:
1) салалық бөлімдермен бірлесіп, бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау.
- Міндеті: Бөлім кадрларының жағдайы мен қозғалысын есепке алуды, есептілікті және талдауды ұйымдастыруға.
Функциялар:
1) бөлім мамандарының қызметін бағалау.
- Міндеті: заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру, азаматтарды қабылдауға.
Функциялар:
1) заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу, азаматтарды қабылдау;
2) бөлім құзыреті мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттарымен, ұсыныстарымен, өтініштерімен, шағымдарымен жұмысты ұйымдастыру.
- Міндеті: салалық бөлімдермен бірлесіп бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізуге.
Функциялар:
1) Басқарма бюджетін жоспарлау және қаржыландыру жоспарларына уақтылы өзгерістер енгізу;
2) қаржыландыру жоспарының уақтылы орындау.
- Міндеті: еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылауға.
Функциялар:
1) құқықтық, Еңбек және шарттық тәртіпті нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
- Міндеті: еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылауға.
Функция:
1) құқықтық, еңбек және шарттық тәртіпті нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу.
- Құқықтары мен міндеттері.
1) Басқарма басшылығына Басқарма қызметінің тиімділігін жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізу;
2) Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Басқарма басшысының шешімдерінің жобаларын әзірлеу;
3) шешімдерді дайындау кезінде Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
4) бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін өз құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік билік органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұратуға және алу;
5) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындарда басқарма атынан өкілдік ету.
- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
- Басқарма бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
- Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Мемлекеттік орган бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
- Осы мақсатта басшы:
1) бөлімнің бас мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік орган бөлімінің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.