Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 29-1), 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«29-1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың кезектілік тізімдерінің мониторингін жүзеге асырады;
29-2) авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;».
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов