Қостанай облысында ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Қостанай облысында ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының екінші бөлігіне сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қостанай облысында ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін :

1) есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін қосылған құн салығын ескере отырып, бір текше метр үшін 30 теңге;

2) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін қосылған құн салығын ескере отырып, бір текше метр үшін 40 теңгені құрайды.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таралады.

 

Облыс әкімі                                                                            А. Мұхамбетов

 


 

Қостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

р/с №

Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі

Ескерту

1

 

 

Облыс әкімдігі қаулысы  жобасының атауы

Қостанай облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың  ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

2

Әзірлеуші  мемлекеттік орган

«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ)

3

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №80-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілер тізбесінің 6-тармағын орындау үшін.

 4

Жоба қандай заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілерді немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі

«Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасының №411-VI Заңы.

5

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін әзірлеу және облыстардың жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсыну.

6

Жобаны қабылдаған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

7

Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығыстар

 

Қаржылық шығындар болжанбайды

8

Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері

Барлық қажетті бұрыштамалары бар

 

9

Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданды және олар қалай орындалғаны туралы мәліметтер

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын актілер қабылданбаған.

10

Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Басқа актілерді жобаға сәйкес келтіру талап етілмейді.

11

Басқа мәліметтер

Жоқ.

 

                                       

«Қостанай облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй

коммуналдық шаруашылық       

 басқармасы» ММ басшысы                                                         Д. Асқаров

Мәслихат Шешімі
Дата публикации
21 сентября 2021