Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының. 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2, 4-тармақтарына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 2 маусым мен 19 маусымға аралағында жүргізу.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:

1) Мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін қосымшаға сәйкес жұмыс тобын құру.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 31 мамыр аралағындағы кезеңде жүргізілсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшының орынбасары Бисембаев Арман Даулетұлына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Дата публикации
21 мая 2026